О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 22 ноября 2021 года № 531 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования акимата Костанайской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 531 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 531 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақта: 3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын: «3) Қостанай облысының даму жоспарын әзірлейді; 4) Қостанай облысының даму жоспарына мониторинг жүргізеді;»; 14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «14) бюджеттік сұратуларды, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, бюджеттік сұратулар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және Қостанай облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде нысаналы индикаторлардың тізбесін және бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нәтижелерін және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің паспорттарына қорытындыны қалыптастырады;».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.