О внесении изменения в решение маслихата от 22 сентября 2022 года № 200 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 200 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 200 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.