О внесении дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 августа 2022 года № 200 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 200 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 200 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын: «11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 12) инвестицияларды тарту жүйесін және инвестициялық технологияларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру; 13) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерін салу саласындағы құрылысқа қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеу».
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің сәулет-құрылыс бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.