О внесении изменений в постановление акимата Глубоковского района Восточно-Казахстанской области от 22 ноября 2022 года № 467 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика населенным пунктам Глубоковского района Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 467 «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 467 «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларында: 2-тармақта:
Тармақша 2
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
«2)кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;»;
Тармақша 3
«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
Тармақша 8
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 8
«8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;»;
Тармақ 6
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Жиналыс пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жалпы санының жартысынан астамы келіскен кезде шешім қабылдайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.