О внесении изменений в решение Каратальского районного маслихата от 22 ноября 2023 года № 14-49 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратальского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №14-49 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №14-49 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189651 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;» 7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде «5 (бес)» саны «7 (жеті)» санына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.