О внесении изменения в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 22 мая 2024 года № 12/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Сандыктауском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/7 «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8756-02 болыптіркелген) шешімінекелесіөзгерісенгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.