О внесении изменения в решение Темиртауского городского маслихата от 22 февраля 2024 года № 13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 7- тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «8) Республика күні - 25 қазан: амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш; бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан оң сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 15 (он бес) мың теңге;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.