О внесении изменении в постановление акимата Индерского района от 22 января 2025 года № 13 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 13 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5253-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
Индер ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «04» наурыздағы № 38 қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары: жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің) басшысы; мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, бухгалтер.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары: аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі басшының орынбасарынан басқа); ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшылары (директорлары); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын көркемдік жетекшісі; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапхана меңгерушісі (басшысы); мамандар: аккомпаниатор, концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші, ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал үйретуші, хореограф, барлық атаудағы суретшілер, қор сақтаушы, бухгалтер.