О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 22 сентября 2025 года № 1425/2 «Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из городского бюджета» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» № 1425/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 1425/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 214496 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: қала әкімдігі қаулысының қосымшасында: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10. Қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеу үшін жиынтық қажеттілік Павлодар қалалық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.»; 12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақыларды төлеу бойынша есептерді ұсынумен қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.».
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.