О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 22.06.1999 года N 155 "Об утверждении графика приватизации объектов коммунальной собственности" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы маусымның 22-iндегi 155 номерлi "Коммуналдық меншiктегi объектiлердi жекешелендiру кестесiн бекiту туралы" шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Коммуналдық меншiктi нәтижелi және тиiмдi пайдалану және коммуналдық меншiктегi объектiлер мен мүлiктердi пайдалануға байланысты жергiлiктi бюджеттiң шығындарын реттеу мақсатында шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы маусымның 22-iндегi 155 номерлi "Коммуналдық меншiктегi объектiлердi жекешелендiру кестесiн бекiту туралы" шешiмiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) Көрсетiлген шешiм қосымшасына: "1999 жылғы маусым" бөлiмiнде: рет нөмерi 8, сәйлем жолындағы "тендер" сөзi "аукцион" сөзiмен ауыстырылсын; "1999 жылғы қыркүйек" жаңа бөлiмi келесi мазмұндағы жолдармен және 29-1 - 29-5 рет нөмерлерiмен кiрiстiрiлсiн: 29-1 Баутин кентiндегi Түпқараған - коммуналдық жылу қазандығы ауданы аукцион 29-2 Автокөлiк Маңғыстау - коммуналдық ГАЗ-САЗ-3507 ауданы, аукцион 1988ж. мем.нө- Шетпе кентi, мерi 99-58 мшм №5 Кәсiби-тех. мектеп 29-3 Автокөтергiш Бейнеу - коммуналдық КС-3575А, ауданы, аукцион 1988ж. "Бейнеуэнерго" МКК 29-4 Автокөлiк Түпқараған ауд. - коммуналдық УАЗ-452,1987ж ауданы, аукцион мем.нөмерi Қызылөзен ауыл 98-46 мшм әкiмiнiң аппараты 29-5 Маңғстау Ақтау қаласы, мәде- коммуналдық кентiндегi ниет аукцион клуб ғимараты
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ж. Аманқұловқа жүктелсiн.