О внесении дополнений в решение акима области от 22.06.99г. № 156 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 22.06.99ж. № 156 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 25.08.2004 жылғы қорытындысымен. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 42 баптарын басшылыққа ала отырып, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің "Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органына қарыз беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы № 747 Қаулысын іске асыру туралы" 22.06.99 ж. № 156 шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін: № 2 Қосымша мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: "6. Ерекше шарттар. 1) Кредитті алушы болып, инвестициялық жобаларды іске асырушы тікелей шаруашылық жүргізуге субъектілер бола алады. Бұл жағдайда Кредитор оларға қаржы операторлығы қызметін көрсетуге арнап екінші деңгейдегі банкпен келісім жасасады. 2) Екінші деңгейдегі банк шаруашылық жүргізуші субъектімен кредиттік келісім жасасады, ал Кредитор соңғысынан кредитті қайтару жөніндегі тиісті қамтамасыз етілген кепілдігін қабылдап алады".