О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 22.12.1997г. N 1813 "Об утверждении Порядка предоставления земельного участка собственникам помещений (участникам кондоминиума)" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.12.1997 ж. "Жеке меншiк ғимараттарға (кондоминиумға қатысушыларға) жер учаскелерiн беру тәртiбiн бекiту туралы" N 1813 Қаулысын орындауды жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 22.12.1997 ж. "Жеке меншiк ғимараттарға (кондоминиумға қатысушыларға) жер учаскелерiн беру тәртiбiн бекiту туралы" N 1813 Қаулысын орындауды жүзеге асыру мақсатында,
ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Қапшағай, Талдықорған, Текелi қалаларының әкiмдерiне, облыстық жер ресурстарын басқару комитетiне:
- атқарушы органдардың және жеке меншiк пәтер иелерi кооперативтерiнiң тапсырыстары бойынша шешiмдерi бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыруды және өзге де жұмыстарды қаржыландыру бюджет есебiнен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады;
📌 Ескерту. 1 тармақтың 1 абзацы толықтырылды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 4-151 шешімімен.
- жер учаскелерiн меншiктеушiлердiң және жердi пайдаланушылардың тапсырыстары бойынша орындалатын жерге орналастыру, өзге де жұмыстар солардың қаражаттары есебiнен жүргiзiледi;
- жеке меншiк пәтерлер кооперативтерiне, заңды және жеке тұлғаларға - кондоминиум объектiлерi болып саналатын көппәтерлi үйлердi меншiктеушiлерге жер учаскелерiн беру кезеңiнде заң талаптарының бұзылуын жою жөнiнде бiр ай мерзiмде шаралар қолданылсын;
- жеке меншiк пәтерлер кооперативтерiн қатыстыра отырып жер учаскелерiнiң шекарасын анықтау және үйдi меншiктеушiлерге (кондоминиумға қатысушыларға) жер учаскелерiн беру құқын ресiмдеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырып, тиiстi шаралар қолданылсын;
- үйдi меншiктеушiлерге (кондоминиумға қатысушыларға) жер учаскелерiн берудiң белгiленген тәртiбiнiң бұлжытпай орындалуын бақылау қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы "Жеке меншiк пәтерлердiң тұтыну кооперативтерi мен тұрғын емес үй-жайларды тұрғын үйлерге пайдалануды дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Алматы облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы шешiмiнiң соңғы 4-тармағы "жеке меншiк пәтерлер кооперативтерi" сөзiмен аяқталсын, қалғаны алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.К. Каримулинге жүктелсiн.