О внесении дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 августа 1995 г. N 1164 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1164 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы N 1164 P951164_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 350-бап) мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша Достастықтың мемлекетаралық және үкiметаралық органдары шығыстарының сметаларының жобасын қарайды және Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, олар жөнiнде қорытындылар бередi; Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнiң шығыстарында Достастықтың мемлекетаралық және үкiметаралық органдарын үлестiк ұстау үшiн, белгiленген сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға арналған жарналарын аударуды жүзеге асырады".