О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 23 августа 1996 года № 3094 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат) қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 10-тармақта: төртiншi абзацтағы "1998 жылға - 30%, 1999 жылға - 35% және 2000 жылға - 40%" деген сөздер "1998 жылдың бiрiншi жарты жылдығына - 30%, екiншi жарты жылдығына - 50%, 1999-2000 жылдарға - 50%" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын: "1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап облыстық бюджетке ақша аударымдары күн сайын жасалады".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.