О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 1997 года № 873 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы № 873 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 873 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясы (Ғылымминi - Ғылым академиясы) туралы
ережеде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң Ғылым министрi
- Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын орынбасары - вице-министрi болады";
11-тармақтың үшiншi абзацы "ғылым министрлiгi" деген сөздердiң
алдынан "өз орынбасарының" деген сөздермен толықтырылсын.