Об утверждении Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о пунктах пропуска через казахстанско-российскую государственную границу от 23 декабря 1998 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметi арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қoca беріліп отырған 2011 жылғы 15 қыркүйекте Астрахань қаласында жасалған 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттама бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қазақ-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеpi туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы Хаттама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 639 қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қазақ-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеpi туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы Хаттама Бұдан әpi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы қазақ-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттepi туралы келісімнің (бұдан әpi - Келісім) 9-бабына сәйкес, Келісімге төмендегі өзгерісті енгізу туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Келісімнің 4-бабы екінші абзацы мына редакцияда жазылсын: «Тараптар бip-бipiн белгіленген өткізу пункттерін ашу немесе жабу туралы өткізу пункттерін ашуды немесе жабуды жоспарлаған мерзімге дейін 30 күн қалғанда хабарландырады».
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Хаттама оның күшіне енуi үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарландыруды дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама өзінің күшін Келісімнің күші жойылғанмен бipгe жояды. __________ қаласында 2011 жылғы ___________ екі данада жасалды, әpбipi қазақ және орыс тілдерінде, оған қоса екі мәтіннің бірдей күші бар. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі үшін Үкіметі үшін