О внесении изменений и дополнений в Правила осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами, утвержденные постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 23 декабря 1998 года N 19 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 9 көкектегі N 28 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 көкектегi заңының шығуына байланысты, оның 1-бабының он екiншi бөлiгiнде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарылған бағалы қағаздардың мемлекеттiк бағалы қағаздар ретiнде айқындалуына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 V980707_ нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 24 тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе Ұлттық Банкi шығарған" деген сөздермен толықтырылсын; "эмисссияланған" деген сөзден кейiн (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен толықтырылған) деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 1-1
"1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздары, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен енгiзiлген);".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгізiлетiндігі белгіленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны олардың мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қаржы министрлiгінiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.