О внесении дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами" от 23 декабря 1998 года N 19 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 96 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" V980707_ Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына ("Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 3(4), 7-13-бет; N 7(8), 4-5-бет; N 9(11), 12-бет; 2000 ж., N 2(3), 18-бет): 32-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi азатжолмен толықтырылсын: "Осы тармақтың төртiншi азатжолында белгiленген талап тұрпаты бойынша осы Қағидаларға және Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарына толық сәйкес өзiнiң функциясын орындайтын, оның iшiнде оның осы акцияларды сатып алудың және сатудың Сауда-саттық ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген әдеттегi (арнайы осы маркет-мейкер үшiн айқындалған) өлшемнен аспайтын мөлшерде жариялаған бағалары арасындағы спрэдтерді (айырмашылықтарды) қамтамасыз ететiн маркет-мейкер бар акцияларға қолданылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.