О внесении изменений в решение Акима Алматинской области от 23 января 1998 года № 1-18 Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 1998 жылғы қаңтардың 23-гі № 1-18 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазiргi кезде қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстың әкiмшiлiк аудандарында осы жерлердi өндiрiстiк және жеке тұрғын үй құрылысына игеру жылдам қарқынмен дамып келедi.
Түрлi мақсаттағы объектiлердi тексеру барысында қала құрылысын салу және жер туралы заңдылықтар ережелерiн бұзу деректi анықталды.
Көпшiлiк жағдайда жер беру жұмыстары табиғат қорғау, санитарлық және қала құрылысын салу ережелерiн сақтамау салдарынан қала маңайындағы құрылыс салу жұмыстары күрт нашарлаған.
Сондықтан қала құрылысы мен қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсарту, су қоймаларын ластанудан қорғау, өте бағалы ландшафты сақтау аймағын құру жөнiнде, Алматы облысының әкiмi ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғаларға Алматы қаласының шекарасынан 20 км аймақтан жер учаскелерiн беру мәселесiн облыс әкiмi шешедi.
Тармақ 2
2. Белгiленген объектiлердiң шекарасын анықтау, жер учаскелерiне құқықтық құжаттарды дайындау қатаң тәртiппен бекiтiлген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Iле, Еңбекшiқазақ, Қаскелең және Талғар аудандарының әкiмдерi Алматы қаласынан 20 км аймақтан тыс жерлерден жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi облыстық жер қорларын басқару комитетiнiң оң қорытындысына сәйкес қабылдансын.
Тармақ 4
4. Барлық әкiмдер мен қызметтер жер мәселесiн шешу жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 P960760_ "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi" қаулысын қатаң қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В. Долженковқа тапсырылсын.