О внесении изменений в решение акима области от 23 октября 1998 года № 223 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 1998 жылғы 23 қазандағы № 223 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.08.2004 № 29 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 457 қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы рыногтарында тауарлар (жұмыс, қызметтерді) сату құқы үшін төлемдер тәртібі және жиылымдар ставкасы туралы ережені бекіту жөніндегі» 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысын жүзеге асыру туралы» 1998 жылғы 23 қазандағы № 223 шешімінің 1 пунктіне келесі қосымшалар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы рыногтарында тауарлар (жұмыс, қызметтерді) сату құқы үшін төлемдер тәртібі және жиылымдар ставкасы» сөздерінен кейін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 457 қаулысына енгізілген өзгерістерді ескерумен» қосылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне (Ашуов Қ.З.) жүктелсін.