О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 1999 года N 1776 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацында "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларында және аудандарда" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта: 3) тармақшада "ұйымдастыру және жүргізу" деген сөздер "жүргізуді ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшада "аймақтандыруды" деген сөз "аймақтандыру жөніндегі жұмыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшада "асыру" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "болып табылады." деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: "жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру."; 11-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: "2-1) жер заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқау береді; 2-2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;"; 13) тармақшада "құнын" деген сөздің алдынан "бағалау" деген сөзбен толықтырылсын; 18) тармақшада "дайындайды және" деген сөз алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: 1-14-тармақтарда: "облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" деген сөздер "облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.