О внесении изменений и дополнений в приказ председателя Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан от 23 апреля 1999 года N 66 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Ережесінде: 4-тармақтың үшінші абзацындағы "регистрін және" деген сөздерден кейін "заңды тұлғалардың" деген сөздері алып тасталсын; 5-тармақтағы "регистрін және" сөздерден кейін "заңды тұлғалардың" деген сөздері алып тасталсын; 18-тармақтың үшінші абзацы "шешімі" деген сөзден кейін "немесе шешімнің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 36
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі керек, ал қоғамдық бірлестіктерді - қажетті құжаттар қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуі керек."; 37-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөзден кейін "(есептік)" деген сөзбен толықтырылсын; 41-тармақтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік қайта тіркеуді туғызбайтын құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынып өтініш берген күннен бастап мынадай мерзімдерде: шағын кәсіпкерлік субъектілері және олардың филиалдары 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, қоғамдық бірлестіктер мен олардың филиалдары 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей, өзге заңды тұлғалар мен олардың филиалдары 15 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады."; көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: 1-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын; 10-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы абзацтары алып тасталсын; 11-тармақтың төртінші абзацындағы "және олардың мөрлерімен куәланған" деген сөздер алып тасталсын; Тіркеуге тапсырылатын барлық құжаттар тізіміне Ескертуде:
Тармақ 3
3-тармақ "екі данада" деген сөздерден кейін "мемлекеттік және орыс тілдерінде" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 5
"5. Заңды тұлғаның тұрған жерін растайтын құжаттар: кепілдік хат, жалдау, сатып алу - сату шарттарының, жайларға құқықтарды тіркеу туралы куәліктің көшірмелері және азаматтық заңдармен көзделген өзге де құжат бола алады.".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.