О внесении дополнений в приказ председателя Комитета регистрационной службы Министерства юстиции Республики Казахстан от 23 апреля 1999 года N 66 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: аталған бұйрықпен бекiтiлген заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеу Қағидаларында: 17-тармақтың жетiншi абзацында: үшiншi сөйлемде "тiркеушi орган" деген сөздердiң алдына "қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы сөйлемдермен толықтырылсын: "Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiш берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Регистрден шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Регистрден шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс."; тiркеуге тапсырылатын барлық құжаттардың тiзiмiне Ескертулердiң 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Заңды тұлғаның тұрған жерiн растайтын құжат ретiнде құқықтық кадастрдiң тiркеу парағының көшiрiмi тапсырыла алады".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.