О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года N 1749 и от 20 июля 2004 года N 775 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 және 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат): 1-тармақта "(Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шiлдедегi N 775 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 360-құжат): 2-тармақта "Қостанай және Қызылорда облыстары үшiн - 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде, ал Ақтөбе облысы үшiн - 2005 жылғы "жазғы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздер "Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшiн 2004 жылғы "қысқы" уақытқа көшу кезiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.