О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года N 1749 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақта "уақыт есептеу" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының уақыт пен жиілік мемлекеттік алғашқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.