О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года N 1749 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 575-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк- аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердiң шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысының арасында өтедi."; 4-тармақтағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. (алынып тасталды)
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.