О внесении дополнения в решение акима области от 23 апреля 2001 г. № 110 «Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств местного бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне қосымшалар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.02.2003 № 38 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бюджеттiк жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-I Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру Ережесiне", Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 қаулысына сәйкес, облыста аз қамтамасыз етiлген азаматтардың кәсiпкерлiк қызметiн дамыту мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 23 сәуiрдегi N 110 шешiмiнiң N 2 қосымшасы төмендегiдей мазмұндағы 14 тармақпен толықтырылсын:
"Батыс Қазақстан облысының аз қамтамасыз етiлген азаматтарына шағын несиелер беру".