О внесении изменений и дополнений в решение акима области «Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств местного бюджета» от 23 апреля 2001 года № 110 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 110 шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.02.2003 № 38 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357, «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы маусымдағы № 131 Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру Ережесін» басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 110 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 3 және 5-тармақтары алынып тасталсын;
2) шешімнің № 1 қосымшасының 3-тармағы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен бюджеттік несиелер беруді жергілікті атқарушы орган атынан әкім немесе оны ауыстырушы адам жүзеге асырады»;
3) шешімнің № 2 қосымшасы мынадай тармақтармен толықтырылсын:
15. Көкөніс өсіруді, бақша өсіруді, картоп өсіруді дамыту;
16. Жемшөп өндіруді дамыту;
17. Нан және нан-бөлке өнімдерін өндіру;
18. Қолөнершілікті дамыту.