О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2001 года № 1354 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы N 1354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қазандағы N 1354 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстардың әкімдері берген құжаттар негізінде, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген шарттарды сақтай отырып, жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасын облыстық бюджеттерге аударуға арналған өтінімді жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді. 46 "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бюджеттік бағдарламасының есебінен облыстық бюджеттерге қаражат бөлуді жоспарлы тағайындауларды, көрсетілген бюджеттік бағдарламадан әкімшілері тиісті облыстардың әкімдері болып белгіленетін тиісті бюджеттік бағдарламаларға көшіру және осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру лимиттерін ашу жолымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.