О внесении дополнений и изменений в решение акима области от 23 января 2001 года № 19 «Об утверждении плана и сметы распределения средств Павлодарского областного Фонда охраны окружающей среды на 2001 год» Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Павлодар облысы қоршаған ортаны қорғау Қорының 2001 жылға арналған қаржысының бөлудің жоспары мен сметасын бекіту туралы» № 19 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Екiбастұз қаласы аумағындағы улы сұйық зат сақталатын қондырєы тұмшалауының босауы салдарынан туындаған қауiптi жою үшiн қосымша шаралар қабылдау қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ "Павлодар химия заводы" ашық акционерлiк қоғамының аумағындағы сыныптан ластану көзiн жоюды жалғастыру үшiн облыс әкiмияты ҚАУЛЫ етедi:
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2001 жылға арналған қаржысын бөлудiң жоспары мен сметасын бекiту туралы" № 19 шешiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған шешiммен бекiтiлген Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының 2001 жылға арналған қаржысын бөлу жоспары мен сметасының
2 - 7 бағандары тиiсiнше мына мазмұндаєы 14-1, 14-2 тармақтарымен толықтырылсын:
"14-1. Улы өндiрiс қалдықтары мен Екiбастұз энергоқайта-ұйымдастыру кешенiнiң онымен ластанған топырағын көму телiмiнiң құрылысы; облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың 2001 жылғы 28 ақпандағы № 228 хаты; Конкурс; Екiбастұз қаласының әкiмi; 20000; Телiм құрылысын аяқтау және 14400 дана улы конденсаторлық батареялар мен 125 м2 алаңдағы ластанған топырақты көму";
"14-2. № 31 корпусты бұзу және "Химпром" ашық акционерлiк қоғамының аумағындағы қалдықтарды көму. Жылыту материалдары құбырлары эстакадасының металл конструкцияларын құрастыруды аяқтау; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы "Павлодар өнеркәсiп аймағындағы экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" № 7 қаулысы; Конкурс; облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келiсiм бойынша); 16500; 2540 м2 төбе конструкцияларын бұзу және көму, 109 дана темiрбетон конструкцияларын бұзу және көму, 26,8 тонна металл конструкцияларын бұзу және көму, 71 м3 қабырғаны бұзу, 2000 м2 алаңнан сынап жинау, 56,9 тонна металл конструкцияларын құрастыру";
Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау Қорының 2001 жылға арналған қаржысын бөлудiң жоспары мен сметасының 29-тармағының 6-бағанындағы "22220" саны "39720" санымен ауыстырылсын;
Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау Қорының 2001 жылға арналған қаржысын бөлудiң жоспары мен сметасының "Барлығы" жолының 6-бағанындағы "115014" саны "169014" санымен ауыстырылсын".