О внесении дополнений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 23 мая 2001г. № 19 «О регламенте акимата Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының регламенті туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 23 мамырдағы № 19 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.12.2007 № 323 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының регламенті туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 23 мамырдағы № 11 қаулысына мына толықтырулар енгізілсін; Осы қаулымен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының регламенті келесі мазмұндағы 27-1, 27-2 пунктерімен толықтырылсын: 27-1 Әкім қол қойған облыс әкімиятының қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, оларды есептеуді және тіркеуді жүзеге асыратын, құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне түседі. 27-2 Қол қойылған әкімият қаулылары, әкім шешімдері мен өкімдеріне мынадай тіркеу нөмірі беріледі: 1) қаулылар мен шешімдер үшін - күнтізбелік жылдың басынан тәртіптік номері, өкімдер үшін - күнтізбелік жыл басынан, дифис арқылы «ө» әріпі көрсетіле отырып, тәртіптік номері; 2) құпия немесе аса құпия мәліметтері бар шешімдер және өкімдер үшін құпия мәліметтері бар құпия шешімдер, (өкімдер) үшін тире арқылы «қ» әріпін, ал өте құпия шешімдер, (өкімдер) үшін «ақ» әріпін көрсете отырып, құпия емес шешімдер, (өкімдер) үшін тәртіптік номері; 3) бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына өзгерістер жене/немесе толықтырулар енгізу қарастырылған қаулылар үшін алфавиттік тәртіпте тағайындалған, әріптік литерамен алғашқы қаулының тәртіптік номері.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен күшіне енеді.