О внесении изменений в постановление акимата города Аксу от 23 июля 2002 года № 205/13 "Об утверждении Правил размещения и эксплуатации средств наружной рекламы в городе Аксу" Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің
2002 жылғы 23 шілдедегі
"Ақсу қаласында сыртқы жарнама
құралдарын орналастыру және
пайдалану ережелерін бекіту
туралы" № 205/13 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, қала әкімдігінің нормативтік қүқықтық актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласында сыртқы жарнама құралдарын орналастыру және пайдалану ережелерін бекіту туралы" № 205/13 қаулысына (Павлодар облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 6 тамызда № 1389 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" газетінде 2002 жылғы 5 қыркүйекте № 37 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық Заң күші бар Жарлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген Ақсу қаласында сырткы жарнама құралдарын орналастыру және пайдалану ережелерінде:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық Заң күші бар Жарлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Ақсу қаласының коммуналдық шаруашылығы жөне өндірістік сала басқармасы" деген сөздер "Ақсу қаласының сәулет және қала салу бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Сыртқы (визуалдық) жарнама объектілерінің өтініш берушілері сыртқы (визуалдық) жарнамағы орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алған сәттен бастап үш күн ішінде жерге тиісті қүқықтарды ресімдеу бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш беруге міндетті;
26-тармақ, алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.