О внесении изменений в решение городского маслихата от 23 декабря 2004 года № 12/92 «Об утверждении Правил назначения и оказания единовременной материальной помощи и ежемесячной доплаты», зарегистрированное в департаменте юстиции 4 февраля 2005 года № 1849 Күшін жойған
Басқа 0
Әділет департаментінде 2005 жылы 4 ақпанда №1849 тіркелген, «Бір жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №12/92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 53-бабына сәйкес және облыстық бюджеттен жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға бір жолғы көмек төлеу үшін ағымдағы мақсатты трансферттердің бөлінуіне байланысты қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Бір жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №12/92 шешіміне (әділет департаментінде 2005 жылғы 4 ақпанда №1849 тіркелген, 2005 жылғы 3 наурыздағы №42-43 (6633) “Маңғыстау” және 2005 жылғы 15 наурыздағы №48 (9335) ’’Огни Мангистау” газеттерінде жарияланды), «Әділет департаментінде 2005 жылы 4 ақпанда №1849 тіркелген, «Бір жолғы материалдық көмек пен ай сайынғы үстеме ақы тағайындау мен көрсету Ережесін бекіту туралы» қалалық мәслихаттьщ 2004 жылғы 23 желтоқсандағы №12/92 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 24 наурыздағы №14/118 шешіміне (әділет департаментінде 2005 жылғы 13 сәуірде №1897 тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
40-тармақта:
2- тармақшадағы «үш айлық есептік көрсеткіш” сөзі “5000 (бес мың) теңге” сөзімен ауыстырылсын;
3,4,5-тармақшалардағы «екі айлық есептік көрсеткіш” сөзі “5000 (бес мың) теңге” сөзімен ауыстырылсын.