О внесении изменений в постановление акимата области от 23 февраля 2004 года № А-2/42 "Об исполнении постановления Правительства Республики Казахстан от 15 января 2004 года № 38 "О некоторых вопросах кредитования местных исполнительных органов на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года", зарегистрированного в Департаменте юстиции от 23 февраля 2004 года № 2309 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы №а-2/42 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 "Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы", әділет департаментінде 2004 жылдың 23 ақпанында №2309 болып тіркелген қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 "Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысын , сонымен қатар облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 23 ақпандағы № 3с-4-3, әділет департаментінде 2004 жылдың 23 ақпанында № 2308 болып тіркелген шешімін жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы №а-2/42 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 "Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы, әділет департаментінде 2004 жылдың 23 ақпанында №2309 болып тіркелген қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармағы мынадай мазмұнды жаңа редакцияда берілсін: "Облыстың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерін 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендіру ережесі бекітілсін (қосымша 1);
Тармақша 2
2) 1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына жаңа редакцияда берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 23 ақпандағы №а-2/42«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 "Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысын жүзеге асыру туралы", әділет департаментінде 2004 жылдың 23 ақпанында №2309 болып тіркелген қаулысына өзгерістер енгізу туралы облыс әкімдігінің 2004ж.10.03 №а-3/72 қаулысына 1 қосымша Қосымша 1 Ақмола облыс әкімдігінің 2004 ж. 23.02. №А-2/42 қаулысына 2004 жылы көктемгі егіс және орақ жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2004 жылғы көктемгі егіс және орақ жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға жергілікті орындаушы органдарды несиелеудің кейбір сұрақтары туралы" 2004 жылғы 15 қаңтардағы №38 қаулысына сәйкес ауылшаруашылық техникаларын немесе ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер, тұқым дәрілеуіш, гербициттер, тыңайытқыштар, тұқымдар, жанар-жағар май сатып алуға бюджеттік қаражаттан жеңілдікпен кредит алу жағдайларын, механизмін және мерзімдерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Негізгі түсініктер
2. Негізгі түсініктер Бағдарламаның әкімшісі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мен негіздеуге жауапты мемлекеттік орган. Оператор - тауар жеткізуге келісім шарт жасау үшін тендер комиссиясы анықтаған тендер жеңімпазы. Әлеуетті оператор - тауарды жеткізуге келісім шарт жасау мақсатында оны сатып алу процесіне қатысушы жеке немесе заңды тұлға. Тендер - тауар жеткізушіні (жеткізушілерді) анықтау үшін бағытталған конкурстық сауда. Соңғы қарыз алушы - ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға. Бюджеттік несиені беру Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамаларына сәйкес несие келісімдерімен дайындалады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік несиені беру жағдайлары және тәртіптері
3. Бюджеттік несиені беру жағдайлары және тәртіптері
Тармақ 1
1. 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде және жедел қайтарылуын қамтамасыз ету жағдайында республикалық бюджет есебінен облыстық бюджетке бөлінген 1 000 000 000 теңге сомадағы несие қаражаты жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыштар, гербициттер, тұқым дәрілеуіштер, ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға бөлінген несие қоры, және де ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға немесе жалға алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерін нөлдік сыйақы бойынша несиелеуге бағытталады.
Тармақ 2
2. Бөлінген қаражат көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Бұған қосымша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 38 "Жергілікті атқарушы органдарды 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысымен бекітілген несиелендіру ережелеріне сәйкес несие қордың 80 пайыздан кем емес мөлшері жанар-жағар май сатып алу үшін бағытталады.
Тармақ 3
3. Бөлінген несие қаражаты облыстың аудандары бойынша болжалған егіс алаңдарына тең бөлінеді. Несие қаражатын бөлуді бағдарламаның әкімшісі жүргізеді. Аудандардың несие алудан бас тартқан жағдайлары болса, өткен жылдары несие тарихы оң болған басқа аудандарға қайта бөліп беруге бағдарлама әкімшісінің құқығы бар.
Тармақ 4
4. Жеке меншік түріне, қай ведомствоға жататынына, жанар-жағар май материалдарымен, тұқыммен, тыңайтқыштармен, гербицидтермен, тұқым дәрілеуіштермен, ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуіне тәуелсіз несие қаражатын алуға жіберіледі: екінші деңгейлі Банктерден кепілдік міндеттемелер ұсынған жағдайда. Жеткізілетін тауардың (ЖЖМ) өзіндік құнын арзандату мақсатында несие қаражатын алуға ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер тек қана: өткен жылдардағы несие тарихы оң болған және өтімді кепілдік мүлік ұсынған жағдайда (оны бағалау белгіленген заңнама тәртібінде жүргізіледі) ғана жіберіледі. Соңғы қарыз алушылар тізімі- ауылшаруашылық тауар өндірушілер облыстық ведомствоаралық комиссиямен келісіледі. Қазақстан Республикасы АШМ-нің ұсынысына сәйкес, жанар-жағар май материалдарын сатып алу үшін келісім шарт жасау санын азайту, және де жеткізілетін дизель отынының бағасын арзандату мақсатында соңғы қарыз алушылар - ауылшаруашылық тауар өндірушілер жеке қажеттіліктері үшін сатып алынған дизель отынын пайдаланумен екі жақты келісім құру арқылы басқа соңғы қарыз алушыға келісім шартқа отыру құқығын беруге құқығы бар. Осы жағдайда бағдарламаның әкімшісі ниетін дәлелдейтін, аудан әкімімен келісілген, сәйкес құжаттарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің екінші деңгейлі Банктардың кепілдігін ұсынуға мүмкіндігі жоқ және Қазақстан Республикасының мұнайды қайта өңдеу зауыттарымен шартты түрде бекіту бойынша бөлінген дизель отынын толық мөлшерде пайдалануға, игерілмеген несие қаражатының қалғаны үшін бағдарламаның әкімшісі әлеуетті операторлар арасында оны жеткізу мен алуға тендер жариялайды. Тендер жеңімпаздарын анықтаудың негізгі критерилері болып есептеледі: операторлардың өндірістік шығындарын өтеу пайызы ең төмен; екінші деңгейлі Банктің кепілдік міндеттемелерін ұсыну.
Тармақ 6
6. Несие қаражатын қайтару ақша түрінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның әкімшісі
4. Бағдарламаның әкімшісі
Тармақ 7
7. Соңғы қарыз алушылармен несиелік келісім шарт жасайды, олар мына талаптарды міндетті түрде ұстайды: 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде несиені қайтару; мақсатты несие, сондықтан 2004 жылғы көктемгі егіс және егін орағы жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін пайдаланылуы қажет; несие пайызсыз, оған сыйақы есептеу жүргізілмейді; несие мақсатсыз пайдаланғаны және уақытында қайтармағаны үшін айып пұл салу санкциясы; осы қаулыны іске асыру шеңберінде әкімшіге қажет ақпараттарды уақытында ұсыну.
Тармақ 8
8. Несие келісіміне қарыз алушы келесі құжаттарды ұсынады: кредитті ресімдеу уақытында бюджетке төлем жөнінен берешектері жоқтығы туралы салық төлеушінің тіркелу орыны бойынша салық комитетінен, аумақтық салық органы басшысының қолы қойылған анықтама; ауылшаруашылық алқаптың көлемі жазылуымен қарыз алушының атына бекітілгендігі туралы жер қоры жөніндегі аудандық комитеттен, өкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама; ауылшаруашылық басқармасы (бөлімі) бастығының қолы қойылған, ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша аумағының расталғаны туралы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасынан анықтама; есептің статистикалық кәртішкесі; екінші деңгейлі банктің кепілдік міндеттемелері немесе осы ереженің III.т. 4. қарастырылған басқа құжаттар.
Тармақ 9
9. Қарыз алушыдан екінші деңгейлі банктің кепілдігін алған жағдайда, осы кепілдікті берген банктен құжаттарды растау сұратылады.
Тармақ 10
10. ЖЖМ жеткізушілермен несие келісімдері жасайды және ведомствоаралық комиссиямен келісілген бағадан аспайтын тауардың жеткізілу деректері жөніндегі III.т.4. сәйкес шартты бекітілген несие қаражаттарын алушылардың ұсынған құжаттары бойынша мұнайды қайта өңдеу зауытына несие қаражаттарын аударуға құқығы бар.
Тармақ 11
11. Операторлардан және соңғы қарыз алушылардан ауылшаруашылық тауар өндірушілерден ЖЖМ жеткізу, уақытында игеру және несие қаражатын қайтару жөніндегі ақпараттар.
Тарау 5. 5. Оператор
5. Оператор ЖЖМ жеткізуге соңғы қарыз алушылармен шарт жасайды; бағдарлама Әкімшісімен келісілген алдында бекітілген қажет көлемге сәйкес ЖЖМ қарыз алушыларға уақытында жеткізілуін және бөлінуін қамтамасыз етеді; 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде алынған несие қаражаттарының қайтарылуын қамтамасыз етеді; алған ЖЖМ көлемі үшін уақытта есептесу жүргізбеген жағдайда қарыз алушыларға қарсы талап-шағым жұмыстарын жүргізеді; осы қаулыны іске асыру шеңберінде бағдарламаның әкімшісіне несие қаражаттарын уақытында қайтару жөніндегі және басқа да қажет ақпараттарды уақытында ұсыну.
Тарау 6. 6. Аудандардың әкімдері
6. Аудандардың әкімдері
Тармақ 12
12. Бағдарламаның әкімшісіне қарыз алушылардың тізімін келісім үшін ұсыну. Тізімге нақты қарыз алушылардың лайықты енгізілуі үшін жауап береді.
Тармақ 13
13. Жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайытқыштар, гербициттер, тұқым дәрілеуіштер, ауылшаруашылық машиналары үшін қосалқы бөлшектер сатып алуға бөлінген несие қоры, және де ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға немесе жалға алуға бағытталған несиелеу қаражаттарының түсуі мен мақсатты пайдаланылуын байқауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. 2004 жылдың 15 қарашасына дейінгі мерзімде алынған несие қаражаттарының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Бағдарламаның әкімшісіне несие қорын қайтару туралы ақпарат ұсынады.
Тарау 7. 7. Қаражаттандыру және несиені қайтару тәртібі
7. Қаражаттандыру және несиені қайтару тәртібі
Тармақ 16
16. Бағдарламаның әкімшісі бөлінген соманы көрсетумен несие келісіміне отырған қарыз алушылардың тізімімен облыстық қаржы басқармасына өтінімдер ұсынады.
Тармақ 17
17. Облыстық қаржы басқармасы бағдарлама әкімшісінің өтінімдері негізінде оның бюджеттік шотына ақша қаражаттарын аударады.
Тармақ 18
18. Бағдарламаның әкімшісі қазына басқармасына төлем тапсырысын ұсынады.
Тармақ 19
19. Қарыз алушылар мен ЖЖМ жеткізушілер несие шарттарында көрсетілген реквизиттер бойынша бюджет несиесін жергілікті бюджет кірісіне қайтару жүргізіледі.
Тарау 8. 8. Бюджеттік қаражатты есептеу және бақылау
8. Бюджеттік қаражатты есептеу және бақылау
Тармақ 20
20. Бюджеттік несиенің игеруін, мақсатты пайдаланылуын, уақытында және толық мөлшерде қайтарылуын бақылауды бағдарламаның әкімшісі жүргізеді.