О мерах по реализации постановления ПравительстваРеспублики Казахстан от 23 июня 2004 года № 691 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 691 қаулысын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 691 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеуге лицензия алуға лицензиаттардың ұсынған құжаттарын қабылдауға, дайындауға (өңдеуге), сонымен қатар лицензиядан кейінгі бақылауға жауапты болып облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы анықталсын.
2. Облыстық сауда және мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы (Ж. Сыздықов):
Тармақша 1
1)2004 жылғы 20 шілдеге дейін лицензиаттардың қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысымен бекітілген қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау Ережесінде қарастырылған талаптарға сәйкестендіру жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2)2004 жылғы 10 тамызға дейін облыстық салық комитетімен және экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментімен (қаржы полициясы) өзара іс-қимыл Тәртібін әзірлесін және бекітуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары М. Есеновке жүктелсін.