О внесении изменении и дополнений в постановление акимата района от 23 марта 2005 года «О социальной помощи отдельным категориям граждан района в 2005 году» № 96/3 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы «2005 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 96/3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Аудан әкімдігінің 2055 жылғы 23 наурыздағы «2055 жылы аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 96/3 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулықтың 2 тармағы келесі тармақпен толықтырылсын: - денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарға материалдық көмек көрсету; - туберкулезбен ауыратын адамдарды Бурабай курортына дейінгі жол ақысын төлеу; - облыс алдындағы еңбектері үшін зейнеткерлердің зейнетақысына үстемақы қосу. Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулықтың 2 тармағынан келесі тармақ алынып тасталсын: - жалғыз басты зейнеткерлер, әлеуметтік зейнетақы алатын 1 топты мүгедектер.