О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 23 декабря 2005 года N 212/28-III "Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды по городу Астане на 2006 год" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы ___________________________________________________________ Қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен ұсынылған материалдарды қарап, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Кодексінің  462-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты  ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 ақпанда N 429 тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпандағы "Астана хабары", 2006 жылғы 16 ақпандағы "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған)  шешіміне  (бұдан әрі - Шешім) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы шешімнің қосымшасына сәйкес аталған шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Астана қаласының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 239/30-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің қызметін тоқтата тұру туралы"  шешімі  күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлемдер СТАВКАЛАРЫ
3. Осы шешім әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Астана қаласы сессиясының төрағасы Астана қаласы мәслихатының хатшысы Келісілді: Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасының бастығы Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы N 261/32-ІІІ қосымша Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ шешіміне қосымша Қоршаған ортаны ластағаны үшін Астана қаласы бойынша 2006 жылға арналған төлемдер СТАВКАЛАРЫ р/с N Көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі Уат­ты­лық сы­ны­бы Ба­за­лық став­ка­лар 1. Тұ­рақ­ты көз­дер­ден ат­мо­сфе­ра­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры шар­тты тон­на 326 2. Жы­л­жы­ма­лы көз­дер­ден ат­мо­сфе­ра­ға ла­ста­у­шы заттар­дың шы­ға­рын­ды­ла­ры - этил­ден­бе­ген бен­зин үшін; - ди­зель оты­ны үшін; - сұй­ы­ты­л­ған газ үшін. тон­на тон­на тон­на 280 730 404 3. Қор­ша­ған ор­та­ға ла­ста­у­шы заттар­дың тө­гін­ді­ле­рі: та­зарт­қыш има­рат­та­ры­нан кей­ін су көз­де­ріне. шар­тты тон­на 31839 4. Өн­ді­ріс және тұ­ты­ну қал­дық­та­рын по­ли­гон­дар­да, жи­нақ­та­уы­штар­да, рұқ­сат еті­л­ген үй­ін­ді­лер­де және ар­на­у­лы орын­дар­да ор­на­ла­сты­ру. тон­на тон­на тон­на тон­на тон­на Ү ІҮ ІІІ ІІ І 125 251 503 2012 4023 5. Күл және күл үй­ін­ді­ле­рін ор­на­ла­сты­ру. тон­на ІҮ 251 6. Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін (жы­лу электр ор­та­лы­ғы, қа­зан­дық­тар) шы­ға­тын күл мен күл шлак­та­рын ор­на­ла­сты­ру. тон­на ІҮ 78 7. Ар­шын­ды жы­ны­стар. тон­на 12 Астана қаласы мәслихатының хатшысы