О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 23 декабря 2005 года № 9 "О некоторых вопросах применения судами законодательства, связанного с взысканием задолженности за тепловую и электрическую энергию" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жылу және электр қуаты үшін берешекті өндіруге байланысты заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жылу және электр қуаты үшін борышты өндірумен байланысты заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 9 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуден көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеуді түсінген жөн.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.