О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года № 1276 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1276 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 527-құжат) мынадай өзгерiстер иен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебiнен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарында: 2-тармақта: 2) тармақшадағы "тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу үшiн жеке және заңды тұлғалардан тарту болжанатын ақшаның" деген сөздер "лицензия алған кезде осындай шарттар болған жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысудың орындалмаған шарттары бойынша тартылған ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алынып тасталсын; 7) тармақша "лицензия алуға үмiткер заңды тұлғада және/немесе бас мердiгерде" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.