О внесении дополнения в постановление от 23 января 2007 года № 151 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Жұмыстар көлемінің арттырылуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-65, 2007 жылғы 20 ақпандағы № 14 «Қостанай» газеті) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін: қосымшаға сәйкес, қаулыға қоса беріліп отырған жұмыссыздар yшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың тyрлері мен көлемдері, кәсіпорындар тізбесі 15- жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылдың 01 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.
Басқа 4. Жұмыссыздар yшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың тyрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесі
Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 1038 қаулысына қосымша Жұмыссыздар yшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың тyрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесі № Ұйымның атауы Жұмыс пен қызметтің түрлері Орындалатын жұмыс пен қызметтің көлемі: Нақты көрсеткіштерде Адам күні 1 2 3 4 5 15 «Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік орталығы»  республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық түгендеу өткізуге көмек көрсету 10000 объект 1305