О внесении изменения в постановление от 23 января 2007 года № 151 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Жұмыстар көлемінің арттырылуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 »Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-65, 2007 жылғы 20 ақпандағы № 14 «Қостанай» газеті, 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 1038 »2007 жылғы 23 қаңтардағы № 151 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-80, 2007 жылғы 24 мамырдағы № 41 «Қостанай» газеті, толықтыру енгізілген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 15- жолдың 5 бағаны: «1305» саны «2955» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылдың 15 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.С. Ержановқа жүктелсін.