О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карабалыкского района от 23 апреля 2007 года № 154 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 154 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-мауысымында, қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-мауысымында, қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысының орындалуында, әрекеттегі заңдығына сәйкес өткізу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 154 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-мауысымында, қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», 2007 жылғы 8 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-46 («Айна» газетінде 2007 жылғы 17 мамырдағы № 20 (335) жарияланды) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3 тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Кент және селолық округтер әкімдеріне Қарабалық ауданының корғаныс істері бойынша шақыратын орынға әскерге шақырылғандардың жеткізуі камтамасыз етілсін; 7 тармағының 1) тармақшасында «ұстағандарды іздестіру және жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізілсін» сөздер жойылсын; қосымшада «Қарабалық аудандық орталық ауруханасы» мемлскеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-неврапотологі» сөздер «медициналық комиссияның төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.