О внесении изменений в постановление акимата от 23 апреля 2007 года № 170 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 170 «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 170 «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Денисов ауданынын Әділет басқармасында 2007 жылғы 7 мамырда № 9-8-65 болып тіркелген) қаулысына өзгерістер енгізілсін: 1) 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кеден қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.»; 2) 5-тармақ жойылсын; 3) 6-тармағы 1) тармақшасындағы «ұсталғандардың іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін» деген сөздер жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.