О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года № А-2/22 "Об установлении охранной зоны Государственного Национального природного парка "Бурабай" Қолданыста
Басқа 0
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, "Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №817 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы №А-2/22 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде 2007 жылы 7 наурызда № 3217 болып тіркелген, газеттерде: "Арқа Ажары" 2007 жылы 20 наурызда, "Акмолинская правда" 2007 жылы 10 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың тәртібі мен режимін белгілейтін Ережелерінде:
1-тарауда "Жалпы ережелер":
"орман қоры жерлері;" сөздері "орман қоры жерлері;" сөздерімен ауыстырылсын;
"Щучье қаласының жерлері;" сөздері алынып тасталсын;
2-тарауда "Ұлттық парк қорғалу аймағының режимі":
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте қорғалу аймағында шаруашылықпен айналысатын табиғатты пайдаланушыларға қатысты Ұлттық парк аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бақылау құқықтары таралады." сөздері алынып тасталсын;
3-тарауда "Ұлттық парктің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану тәртібі":
"Ұлттық парктің қорғалу аймағында орналасқан елді мекендердің даму жобалары (шекаралары мен бас жоспарлары)
Ұлттық парк дирекциясының келісімі болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаралады және бекітіледі, атап айтқанда:
нысандар құрылысына арналған жер учаскелерін таңдау;
елді мекендерді кеңейту және жаңаларын құру;
нысандардың құрылысын жүргізу, орналастыру, жобалау және пайдалану;
жаңа технологияларды енгізу;
зияндылығы жоғары класты өнеркәсіп объектілерінің құрылысын салу және пайдалану."
"Ұлттық парктің қорғалу аймағының шекарасында"» сөздерінен кейінгі "Ұлттық парк дирекциясының келісімі бойынша" сөздері алынып тасталсын;
"әуесқойлық (спорттық) және кәсіби аң, балық аулау (парк дирекциясының ақылы негізде беретін жолдамалары мен лицензиялары бойынша);" сөздері "кәсіптік және әуесқой (спорттық) балық шаруашылығы;"»сөздерімен ауыстырылсын;
"мал бағу" сөздерінен кейінгі "(бағу нормаларына сәйкес)" сөздері алынып тасталсын;
"; қорғалу аймағы көлдерінің бальнеологиялық ресурстарын пайдаланудың ерекше тәртібі" сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.