О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года № А-2/22 «Об установлении охранной зоны Государственного Национального природного парка «Бурабай» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында жалпы алаңы 371 897 гектар жер учаскелерінде, оның ішінде 152 182 гектары Бурабай ауданында, 210 953 гектары Біржан сал ауданында, 8 762 гектары Бұланды ауданында қорғау аймағы, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы жерлерін шаруашылықаралық жерге орналастырудың бекітілген жобасына сәйкес шекараларда белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.