О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 413 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 16, 184-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-жолмен толықтырылсын: " 33 Юнис­паз 1 таб­лет­ка­ға құ­ра­мы, мг-да: па­ра­це­та­мол - 500 мг дро­та­ве­рин гид­ро­хло­ри­ді - 40 мг ко­де­ин фос­фа­ты - 8 мг N 12 таб­лет­ка­лар III кесте А бө­лі­мі 1-тар­мақ ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.