О внесении изменения в постановление акимата от 23 апреля 2007 года № 48 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре - декабре 2007 года» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысына (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 9-13-35, «Қарасу өңірі» 2007 жылғы 11 мамырдағы № 18), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 48 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 105 қаулысына (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 9-13-42, «Қарасу өңірі» 2007 жылғы 3 тамыздағы № 28) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 -қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Аудандық шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы
24 қыркүйектегі № 147
қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссияның ҚҰРАМЫ
Мұқашев Асылхан Әшімханұлы - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Бойко Юлия Николаевна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссиясы төрағасының орынбасары
Бейсенбин Айтбай Еркінұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Жұмырова Торғай Қаирқызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (Қарасу ауылы) (келісім бойынша)
Қотырова Раушан Ғұсманқызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Якимова Татьяна Ивановна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Рахметжанов Қанат Серікұлы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Сейілов Қуат Өмірұлы - Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаменті «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны хирург-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (Октябрь ауылы) (келісім бойынша)
Кисляк Татьяна Анатольевна - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)