О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 23 апреля 2007 года № 98 «О призыве граждан 1980-1989 годов рожденияна срочную воинскую службув апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылдың 23 сәуірдегі № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылдың 23 сәуірдегі № 98 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4187 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 мамырдағы № 93 «Сыр бойы» және 2007 жылғы 4 мамырдағы № 81 «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшадағы: облыстық шақыру комиссиясының құрамына:
Жылқыбаева Динара Кадырбергенқызы - «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің аяжаны, облыстық шақыру комиссиясының хатшысы болып енгізілсін;
көрсетілген комиссия құрамынан Ермаханова Айнұр Болатқызы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.