О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 41 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қантардағы N 41 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 1, 20-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесінде: көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: 3-бағанда "(өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.