О внесении изменений в решение акима Кызылжулдузского сельского округа от 23 июня 2008 года № 2 "О присвоении наименований улиц" Қолданыста
Басқа 0
Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 2 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, жергілікті халқының пікірін ескере отырып, Қызылжұлдыз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қызылжұлдыз селолық округі әкімінің № 2 "Көшелерге атау беру туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-51 ретпен тіркелген, 2008 жылдың 11 қыркүйегіндегі "Жаңалық жаршысы" газетінде № 37 (1496) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 2
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" - бұрынғы Қызылжұлдыз селосының тұрғыны, қоғам қайраткері. Екінші көше "Жақия Бұқарбайұлы Сәрсенов" деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау село әкімі аппаратының бас маманы О.З.Абдигалиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжұлдыз селолық
округінің әкімі А.Төлебаев